Ақтөбе облысының әділет департаментінде СМС-портал жұмыс істей бастады

АҚТӨБЕ.  Тамыздың  11-і.  ҚазАқпарат /Мирал  Жармұхамбетов/ - Ақтөбе  облысының  әділет   департаментінде  «СМС-портал»  жүйесі  жұмыс істей бастады. Бұл  -   халықтың     ақпараттарды    жедел  және толымды алуы  мақсатында әділет  органдары  көрсететін  мемлекеттік   қызметті  әрі  қарай  жетілдіру  жөніндегі  тағы бір   шара.

Ақтөбе  облысының әділет  департаментінде СМС-портал жұмыс істей бастады

Аталмыш жүйе алғаш рет енгізілуде  және   оның  жұмыс  барысы  төмендегідей: сауал қойылған  СМС-хабар  порталға 8-701-519-60-19 телефон нөміріне    жіберіледі.  Ал порталға келіп түсетін барлық  сауалды  оператордың компьютері  қабылдап алады, әрі қарай  ол  сауал   әділет  органының    тиісті бөлімшесіне    жіберіледі.   Сауалдың   мазмұнына     байланысты,  жауап   1 - 7 күннің ішінде беріледі.

Өз  СМС-сауалына жауап алу  үшін азамат   8 (7132) 56-20-70 телефонымен    әділет департаменті анықтама  қызметінің саll-орталығы  операторына  қоңырау  шалып,   сауал жіберілген    ұялы  телефонның нөмірін  айтса  болды.     Сондай-ақ жауаптармен  департаменттің - www.аdiletaktobe.kz    мекен-жайдағы веб-сайтына  кіріп, танысуға  болады.