16:23, 04 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Ақтөбе облысының әкімі «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы болып сайланды
АҚТӨБЕ. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының ғимаратында партияның облыстық филиалының XIV есеп беру-сайлау конференциясы өтті.

Шараға «Нұр Отан» ХДП хатшысы Ерлан Қарин, облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, партияның облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Партияның облыстық филиалының қызметі туралы оның төрағасы Балғали Ордабаев баяндады.
Одан кейін саяси кеңестің және партияның облыстық филиалындағы бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамын сайлау өтті.
Дауыс беру қорытындылары бойынша «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы болып облыс әкімі Архимед Мұхамбетов сайланды.