20:57, 30 Қараша 2009 | GMT +5
Ақтөбе облысының әкімі тікелей эфирде сөз сөйледі
АҚТӨБЕ. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықовтың қатысуымен дүйсенбі күні, қарашаның 30-ында кешке «Қазақстан-Ақтөбе» теларнасында тікелей эфир хабары өтті.
Баршаға белгілі, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей желі арқылы халықпен сұхбаттасқанына екі аптадан астам уақыт өтті. «Тікелей желі» барысында ақтөбеліктерден 1200-ден астам сұрақ түсті.
Облыс әкімі Елеусін Сағындықов тікелей эфир барысында барлық қызмет саласына қатысты осы сұрақтарға жауап қайтарды. Олардың көпшілігі бойынша әкім қазірдің өзінде тиісті тапсырмалар берді, нақты жауаптар жіберілді.
Мониторинг көрсеткендей, ақтөбеліктерді әсіресе халықты әлеуметтік қорғау (258), тұрғын үй қатынастары (188!, инфрақұрылым және абаттандыру (96) салалары толғандырды.
Тікелей эфирге әзірлік барысында облыс әкіміне облыс тұрғандарынан жаңа сұрақтар берілді, олар әкімдік сайты, телефон арқылы және жазбаша түрде қабылданды.