Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақтөбе облысының діни істер бойынша департаментінің директоры тағайындалды

АҚТӨБЕ. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - ҚР діни істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Қайрат Лама Шәріптің 2012 жылдың 11 қаңтарындағы бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының діни істер бойынша департаментінің директоры болып Бауыржан Есмахан тағайындалды.

Ақтөбе облысының діни істер бойынша департаментінің директоры тағайындалды

Бауыржан Есмахан 1975 жылы дүниеге келген. 1992-1997 жылдары Ыстамбұлда діни білім алған. 2008 жылы Қ.Жұбанов атындағы АМУ-ды «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады.

 Еңбек жолын ішкі саясат департаментінің діни бірлестіктермен жұмыс бойынша бөлімінде бастаған. ҚМРБ-нің Ақтөбе облысы бойынша өкілі болып табылады, облыстық «Нұр ғасыр» мешітінің бас имамы болған.