Ақтөбе облысының ІІД орын алған ірі жол апатының куәгерлерін іздейді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін облыстың ІІД полицейлері өңірлік БАҚ арқылы жұртшылыққа «Ақтөбе-Астрахань» тас жолының 19-шы шақырымында ағымдағы жылғы 5 қаңтарда орын алған ірі апатты көрген-білген адамдар болса, хабарласуын өтінді.

Ақтөбе облысының ІІД орын алған ірі жол апатының  куәгерлерін іздейді

Еске салсақ, «Тойота Королла» мен«Опель Вектра» көліктері соқтығысқан жантүршігерлік апаттан төрт адам қаза тауып, бесіншісі ауруханада жан тапсырды.

Оқиға мән-жайын тергеп жатқан полицейлер апат жайында қандай да бір ақпарат білетін куәгерлер болса, хабарласуын өтінеді.