Ақтөбе облысының көлік жолдарында уақытша шектеулер қойылды
АҚТӨБЕ. 25 наурыз. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - 23 наурыздан бастап республикалық маңызы бар жалпы қолданыстағы көлік жолдарында жалғызілікті белағашқа 8 тоннаға дейін ауыртпалық түсіретін көліктер үшін қозғалысқа уақытша шектеу қойылды.
Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша «Батыс» аймақаралық көліктік бақылау инспекциясынан хабарлағандай, шектеулер ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайыновтың бұйрығына сәйкес, жолдардың сақталуын қамтамасыз ету және респуликалық маңызды жалпы қолданыстағы жолдардың тасымал қабілеттілігін жоғалтпауы үшін жасалып отыр.
Ақтөбе облысы кіретін төрт жол-климаттық аймағы үшін жыл сайынғы уақытша шектеудің мерзімі 23 наурыздан 15 мамырға дейін делініп отыр.