Ақтөбе облысының соттары «Электрондық бақылау өндірісі» жобасы аясында жаңа технологияларды игеруде
АҚТӨБЕ. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облысының соттары жаңа технологияларды игеруде. Республика бойынша тұңғыш рет облыстық және мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында эксперимент ретінде «Электрондық бақылау өндірісі» жобасы іске асырылуда.
Жобаның мақсаты - облыстық соттың сайтына және өзінің логині мен пароліне кіріп, Интернет арқылы сотта процессуалдық құжаттардың жылжытылуы барысы туралы ақпаратты алу үдерісіне қатысу мүмкіндігін беру. Жүйе өндіріске талап-өтініштердің қабылдануы туралы барлық электронды көшірмелерді, істі қарауға даярлау, сот отырысын белгілеу, сот отырысының хаттамасы, сот шешімі туралы құжаттарды қарауға мүмкіндік береді.
Облыстық соттың баспасөз хатшысы Нұрлан Күнтуовтың айтуынша, электрондық бақылау өндірісі идеясының және жобасының авторы облыстық соттың төрағасы Бектас Бекназаров. Жаңа басшы келгелі бері облыстық соттың www.aktobesot.kz сайты іске қосылды. Қыркүйектен бастап электрондық бақылау өндірісі жүйесі жұмыс істей бастады.