Ақтөбе облысының жол полициясы жаңа мемлекеттік нөмірлік белгілерді бере бастады
АҚТӨБЕ. 30 қаңтар. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының жол полициясы жаңа үлгідегі мемлекеттік нөмірлік белгілерді беруді бастады. Тек бүгінгі күні ғана көлік иелеріне 100-ден астам жаңа нөмірлік белгілерді беру жоспарлануда, деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Полицейлер ескі нөмірлік белгілерді жаңаларына міндетті түрде ауыстыру қажет емес екенін хабарлайды. Жаңа үлгідегі нөмірлік белгілер жоспар бойынша, көліктік құралдарды тіркеу немесе қайта тіркеу бойынша беріледі. Бұған дейінгі ескі үлгідегі нөмірлік белгілер олардың толық тозуына дейін жарамды болады. Олай болғанымен, тіркеу кезінде олар автоматты түрде тәркіленеді. Нөмірлік белгілер берілгені үшін мемлекеттік баж салығының көлемі өзгермейді.
Жаңа нөмірлік белгілердің дизайны БҰҰ-ның Жол қозғалысы туралы Конвенциясының талаптарына негізделген. Оларға сәйкес, нөмірлерде мемлекеттік айрықша белгі - Ту бейнеленген. Бұдан басқа, жаңа мемлекеттік нөмірлерде бекітуге арналған ойықтар болмайды.