Ақтөбе студенттері республика жастарына Елбасы Жолдауын қолдау туралы үндеу тастады

АҚТӨБЕ. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде өткен салтанатты жиында Ақтөбе студенттері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын жан-жақты қолдау туралы Қазақстан жастарына арнап үндеу қабылдады.

Ақтөбе студенттері    республика  жастарына Елбасы Жолдауын  қолдау  туралы  үндеу    тастады

«Нұрсұлтан Назарбаев, халықтың пікірін құрметтей келе және Ата заңымыздың кепілі бола отырып, өз өкілеттігінің 2 жылға қысқаратындығына қарамастан, мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы шешім қабылдады, бұл - ұлттық ерлік», деп атап көрсетіледі үндеуде.

Ақтөбе жастарының өкілдері, сайлау өткізілген жағдайда оған белсенді атсалысуға және Елбасын қолдауға уәде берді.