«Ақтөбе-Жайсаң» тасжолында жол-көлік оқиғасы салдарынан 47 жастағы ер адам қаза тапты
АҚТӨБЕ. 20 тамыз. ҚазАқпарат - «Ақтөбе-Жайсаң» тасжолының 69-шы шақырымында адам өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік оқиғасы болды.
ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 19 тамыз күні «Volkswagen-Passat» көлігінің 38 жастағы мас жүргізушісі көлікпен жол жиегіне аударылды.
Жол апатының салдарынан көліктің 47 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, жабық бас-ми шайқалуын алған 24 жастағы жолаушы Мартөк кентінің ауруханасына жеткізілді.
Көлік жүргізушісінің түсіндіруінше, барлық үш азамат бір-біріне дос Мартөк аулының тұрғындары. Жайсаң ауылында алкогольді ішімдіктерді ішкен соң олар Мартөк ауылына шыққан, жолда шоқалақ жерлерде жоғары жылдамдықөпен келе жатқан көлік жол жиегіне аударылған.
Қазіргі уақытта аталған фактімен тергеу амалдары жүргізілуде, көліктің жүргізушісі ешқайда кетпеу қолхатын толтырды.