Ақтөбеде 12 ғасыр-ғұмыр иесі бар

АСТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласының тұрғыны, еңбек ардагері Евдокия Бондаренко 100 жасқа толды, деп хабарлады жергілікті БАҚ.
None
None

Ғасыр-ғұмыр иесін қала әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева, «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің басшысы Нәйля Бөртебаева, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері туған күнімен және мерекемен құттықтап барды.

Евдокия Ивановна ықыласқа толы құттықтаулар мен құшақ гүл, тәтті торт, ақшалай сыйлықты қабыл алып, жастарға ризашылығын білдірді. Оның өмірі туралы 84 жастағы қызы әңгімелеп берді.

Қазір Ақтөбе қаласында 12 ғасыр-ғұмыр иесі бар. Айгүл Арынғазиев бастаған топ олардың барлығын Халықаралық қарттар және ұрпақтар ынтымақтастығы күніне орай құттықтап, сыйлықтар табыстады.

Бұл күні Әлеуметтік көмек орталығы жалғызбасты қарттарға кәсіпкерлердің қолдауымен екі мыңға жуық азық-түлік пакетін таратты.

Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында, «Алақай» қуыршақтар театрында, қалалық Оқушылар сарайында және т.б. мәдени мекемелерде қайырымдылық концерттер, қойылымдар, спектакльдер өткізілуде.

Қала бойынша кәсіпорындар мен ұйымдарда және денсаулық сақтау, білім, мәдениет мекемелерінде ата-әжелерді марапаттап, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, қаланың мейрамханалары мен кафелері иелерінің бастамасымен қарт азаматтар үшін тегін мерекелік түскі ас ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар