Ақтөбеде 16 жасар курсант асылып қалды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Есет батыр атындағы әскери-полицейлік мектептің курсанты Ислам Азамходжаев асылып өлді. 16 жасар жігіттің денесі жатақхана бөлмесіндегі шкафтан асылған күйінде табылған.
None
None

Курсанттан күштеп өлтіру белгілері табылмады, деп хабарлады ІІД. Қазір полиция бөлімі тергеуалды тексеру жүргізуде.

- Ислам өз-өзіне қол жұмсады дегенге сенбеймін. Ол өте белсенді болатын, спортпен шұғылданатын. Бұған оқытушылардың кінәсі бар деп те айта алмаймын, - деді оның әпкесі Шолпан Кенжебаева.

Жас жігіттің әке-шешесі жоқ. Ол туысқандарының отбасында тәрбиеленген.

Соңғы жаңалықтар