Ақтөбеде 2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында су құбырлары жөнделеді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бірнеше бағыт бойынша іске асырылуда. Бағдарлама аясында 4 білім беру нысаны, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым мен тұрғын үй нысандары салынбақ. Жұмыстың жалпы сомасы - 3,93 млрд теңге.
None
None

Сондай-ақ, «Трансэнерго» АҚ теңгеріміндегі жылу желілері мен қазандықтарды жөндеу жұмыстары қолға алынды. Ұзындығы 16,4 шақырым 66 учаскеде жылу желілерін жөндеу жоспарда бар. 3 қазандық толықтай жаңартылады.

2016 жылы бағдарлама аясында 1,2 млрд теңге инвестиция көлемімен «Ақбұлақ» АҚ су құбыры мен канализациялық желілерді жөндеу бойынша 3 жобаны іске асыру жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум