Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақтөбеде 24 жастағы пәтер алаяғы ұсталды

АҚТӨБЕ. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Ақтөбеде алақтық әрекеттеріне күдікті Қостанай облысы Таран ауданының тумасы, 24 жастағы қыз ұсталды, деп хабарланды ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Ақтөбеде 24 жастағы пәтер алаяғы ұсталды

Ішкі істер органына күдіктіге қатысты алданған ақтөбеліктерден бірнеше арыз түсті. Зардап шегушілердің сөзіне қарағанда, олар алдын ала төлем бойынша 1 айға және одан да ұзақ мерзімге пәтерді жалға алып, бір тәуліктен кейін алаяқтыққа тап болғандарын білген.

Бүгінгі күні күдікті алаяқтықтың 9 фактісі бойынша жауапқа тартылуда, барлық фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқ екендігі тексерілуде. Одан ешқайда кетпеу жайлы қолхат алынды.