Ақтөбеде «Әлем» атты жаңа балабақша ашылды
АҚТӨБЕ. 12 сәуір. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін Ақтөбеде республикалық «Балапан» бағдарламасының аясында тағы бір балабақша бой көтерді.
Салтанатпен өткен іс-шараға Ақтөбе облысы әкімінің міндетін атқарушы Елеусін Сағындықов қатысты.
Жоба бойынша балабақша 280 орынға арналған. Мұнда би, ағылшын тілі бойынша қосымша сабақтар өтетін болады. Мектепалды білім беру мекемесі күніне 10 сағаттан 5 күн бойы жұмыс істейді.