Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақтөбеде әскери бөлімнен рұқсатсыз кетіп қалған сарбаз табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбеде мерзімді қызметтегі әскери қызметкер әскери бөлім аумағынан рұқсатсыз шығып кетіп, үш сағаттан кейін қаладан табылды.

Ақтөбеде әскери бөлімнен рұқсатсыз кетіп қалған сарбаз табылды

«Қазір қатардағы сарбаз В.Кузнецов бөлімшеде. Бөлім басшылығы болған оқиға жайлы оның ата-анасына хабарлады. Олар Ақтөбеге келіп, баласымен қауышты», - деп хабарлады ҚР Ұлттық гвардияның баспасөз қызметінен. Аталмыш факті бойынша қызметтік тергеу тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қатардағы сарбаз В.Кузнецовтың әкесі баласының жиі хабарласып тұратынын, ешқандай өз борышын өтеу барысы туралы еш шағым айтпағанын айтты. Алдын ала тексеру бойынша жарғыны бұзу жайттары анықталмады.