Ақтөбеде ауыл округтері әкімдерінің есептік кездесулері басталды
АҚТӨБЕ. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жұртшылықтың белсенді қатысуымен қаланың бес ауылдық округтері әкімдерінің есептік кездесулері басталды.
Қарғалы ауыл округінің әкімі Алмаз Әлімбаев Ақжар кентінің жұртшылығы алдында есеп берді.
Әкіммен кездесуге ең белсенді ақжарлықтар келді.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарланғандай, Благодарный ауыл округінің басшысы Бақұзақ Дарин Садовое, Шілісай, Қызылжар, Белогорский карьері, Бекқұл баба ауылдарының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Б. Дарин барлығы 11 есептік кездесу өткізеді.
Қурайлы ауыл округінің әкімі Мақпал Тұрмағамбетова округтің тұғындарымен жоспарланған бес есептік кездесудің екеуін өткізді. Алдағы күндері кездесулер Елек, Георгиевка және Қурайлы елді мекендерінде өтеді.
Бүгін Жаңаауыл округінің әкімі Бақтыгелді Мыңжасаров, Күрішсай ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, есеп берді, ертең Жаңақоныс ауылының жұршылығымен кездеседі.
Сазды ауыл округінің әкімі Ихсан Дисикуш бұл күндері Лесное және сазды ауылдарының тұрғындарымен есептік кездесу өткізуде.
Айта кетейік, ауылдық округтердің әкімдері тұрғындармен 24 есептік кездесу өткізеді.