Ақтөбеде ауыр қылмыс жасады деген күдікпен облыстық мәслихат депутаты ұсталды

Органдардың алдын ала тергеуі бойынша облыстық мәслихат депутаты М.Өндіргенов азамат Б.Пірмановтан «Ақжол ЛТД» ЖШС-нің 10 пайыз капиталын бопсалап, сонымен бірге 2012 жылғы 23 маусымда оны «Митцубиси» маркалы көлігін үшінші тұлғаның атына жазуға мәжбүрлеген. Жәбірленуші мен оның отбасына депутат ұзақ уақыт бойы күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасап қорқытып-үркіткен. Кеше, 2015 жылғы 1 маусымда Ақтөбе қалалық №2 сотының қаулысымен Ақтөбе облысының ІІД-інің тергеу бөлімі бастығының М.Өндіргеновке қатысты 2 ай қамақта ұстау - бұлтартпау шарасын тағайындау туралы өтініші қанағаттандырылды. Сот қаулыда М.Өндіргенов (аса ірі көлемде бопсалау және өлтіру немесе денсаулығына ауыр зиян келтіру қаупін туғызу) ауыр қылмысын жасады деген күдікті негізге алды. Бұл мүлкін тәркілей отырып, 7 жылдан 15 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.