16:55, 04 Қаңтар 2012 | GMT +5
Ақтөбеде әйелдерден алтын әшекейлерін алдап алып қойған алаяқ әйел ұсталды
АҚТӨБЕ. 4 қаңтар. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбелік полиция қызметкерлері қала әйелдерінен алтын әшекейлерін алдап алып қойған 34 жастағы алаяқ әйелді қолға түсірді.
Облыстық ІІД-нің баспасөз мәслихатында хабарланғандай, кеше полиция қызметіне егде жастағы ақтөбелік әйел келіп, орталық базарда белгісіз әйел оның алтын сырғасын алдап алып қойғанын мәлім еткен.
Көп ұзамай күдікті әйел қолға түсірілді, ал сырға иесіне қайтарылды. Полиция қызметкерлері бұл әйелдің тағы осындай 10 дерекке қатысы бар екендігін анықтады.
Белгілі болғандай, алаяқ әйелдің құрбандары егде жастағы әйелдер мен кішкентай қыздар болды. Әр түрлі сыртаулармен әйел олардың алтын әшекейлерін тағып көруді сұрады, осыдан кейін ізін суытып, алтынды төмен бағамен сатып жіберетін.
Аталған деректер бойынша ҚР ҚК-нің 177 бабымен («Алаяқтық») қылмыстық істер қозғалды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешіліп жатыр.