Ақтөбеде балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шаралар өтуде

АҚТӨБЕ. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбеде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шаралар басталды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

Ауладағы клубта «Шебер қолдар» сәндік-қолданбалы өнер көрмесі, ал №3 мектепалды даярлық ұйымында - «Әрқашан күн сөнбесін!» атты балалар суретінің көрмесі өтті. Мүгедек балаларға арналған ретросаябақта шоу-бағдарлама ұйымдастырылды, ал «Мега» ойын-сауық орталығында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналып фильм көрсету қайырымдылық шарасы болды. «Дружба» лагерінде бүгін жалпы білім беру мектептері мен лицейлері жанында «Тәртіп сақшылаыр» облыстық слеті басталды, ал теннис бойынша жасөспірімдердің спорт мектебінде «Диапазон» апталық газетінің сыйлығы үшін теннистен турнир басталды.

Әрине, балалар мерекесіне арналған негізгі іс-шаралар ертең өтеді. Ақтөбеде қатарынан екі «Ақ желкен» және «Отан қанаты» жазғы балалар алаңының ашылуы болады. Аймақтық джаз музыкалық балалар байқауы Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияда өтеді.

Соңғы жаңалықтар