Ақтөбеде «Бәсекелестік туралы» ҚР жаңа Заңын түсіндіру бойынша семинар болып өтті
АҚТӨБЕ. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Мирал Жармұхамбетов/ – Бүгін Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттік «Бәсекелестік саясатын дамыту және қорғау орталығы» АҚ-мен бірлесе отырып, Ақтөбеде «Бәсекелестік туралы» ҚР жаңа Заңы тұрғысынан қарағанда дағдарысқа қарсы шаралар» деген тақырыпта семинар өткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оған аймақтық инспекциялардың мамандары, мүдделі мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері, компаниялардың өкілдері қатысты.Семинар ҚР жаңа Заңын түсіндіру бойынша өткізілуде. Оны ҚР Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаев ашты және сөз сөйледі. Семинардың жұмысына Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Роза Кемалова қатысты.Семинарға қатысушылар жаңа заңнаманың мазмұны және оны іс жүзінде қолдану бойынша барлық сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап алды.