Ақтөбеде бразилиялық джиу-джитсудан Arlan Grip Selection турнирі өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жаңадан бой көтерген Жекпе-жек сарайында бразилиялық джиу-джитсудан және сабмишн файтингтан «Aqtobe Open - 2017» ашық халықаралық Arlan Grip Selection турнирінің жалауы желбіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
None
None

Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген 200-ге жуық жеткіншектер және ересектер өзара мықтыны анықтады. Олардың басым бөлігі Батыс Қазақстан облысының намысын қорғады.



«Біз Ақтөбе қаласында турнирді екінші рет ұйымдастырып жатырмыз. Жарыстар күнтізбесін жасаған кезде біз барлық облыстарды қамту үшін,сол жерде өтетін турнирлерді енгіземіз. Ақтөбені таңдаған себебіміз, ол Батыс Қазақстан облысының қалаларының ішінде өте ыңғайлы орналасқан.Сондықтан көптеген жергілікті спортшылар жарысқа қатысуға мүмкіндік алады. Өкінішке қарай, көрші елдерден джитсерлер өздерінің жарыс кестелеріне байланысты турнирге қатыса алмады. Бірақ біз оларды желтоқсан айының 8-і мен 10-ы аралығында Алматыда өтетін Arlan Grip Selection турнирінің финалына шақырамыз»,- деп атап өтті Қазақстандық бразилиялық джиу-джитсу және грепплинг федерациясының президенті Төлеген Құмаров.

Әдеттегідей, турнир төрешелердің ереже түсіндірумен басталды. Аталмыш жарыс ADCC және IBJJF ережелеріне сәйкес түрлі салмақ дәрежелері бойынша өтті. Бүгін жарыс жолына «GI» нұсқасы бойынша 7 мен 17 жас аралығында жеткіншектер және ересектер шықты.

«Мен «Орда» клубында 3 жыл айналысамын. Бұл жерге мені әкем алып келді. Осы спорт түрінің алғашқы қадамдарын бейнероликтерді көріп, үйрендім. Менің ойымша, бүгінгі күні джиу-джитсу қарқынды дамып келеді. Өзімнің бапкерімнен үлгі аламын. Болашақта сол кісіге ұқсап, көптеген белестерді бағындырғым келеді», - деп өз ойыммен бөлісті жарыс жеңімпазы Шахан Есенкелдин.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом мен медальдермен марапатталды. Енді, турнирдің соңғы күнінде ересектер «NO GI» нұсқасы бойынша бақ сынайды.

Спорттық шараның басты мақсаты Қазақстанда джиу-джитсуды дамытып, елге таныту, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберліктерін арттыру, үздіктерді анықтау.

Соңғы жаңалықтар