Ақтөбеде бүйрек ауыстыру бойынша бірегей ота жасалды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Жаңақоныс кентіндегі облыстық ауруханада терминалды созылмалы бүйрек жетімсіздігімен ауыратын екі науқасқа донорлық бүйрек ауыстыру отасы жасалды. Бұл профессор Жақсылық Досқалиевтің басшылығымен республикалық трансплантология орталығының жәрдемімен мүмкін болды.
None
None

Ота барысы облыстық аурухананың конференция залындағы үлкен экраннан көрсетілді. Оны 150-ге тарта адам тамашалады. Оның ішінде хирургтер мен жоғары курс студенттері болды.

Сондай-ақ отаға Израильде арнайы оқытудан өткен Ақтөбе облысының 6 хирургі мен 2 медбике қатысты.

Отаны жоғары білікті трансплантолог дәрігерлер, ота жасайтын хирургтер, анестезиолог-реаниматологтар мен медбикелерден құралған дәрігерлер бригадасы жасады.

2015 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасы бүйрек ауыстыру бойынша 10 ота, бауыр ауыстыру бойынша 2 ота жасауды жоспарлады. Қазақстанда ағза мүшелерін донорлық ауыстыруға жылына 4 мың науқас мұқтаж.

Соңғы жаңалықтар