Ақтөбеде дәрігер, тігінші және аспаздар тапшы

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбеде қала күніне орай орталық стадионда бос орындар жәрмеңкесі өтті.
None
None

Қаланың 40 кәсіпорны мен ұйымы 421 бос орын ұсынды.

Ақтөбеліктер жәрмеңкеге белсене қатысты. Қалада бұрынғыша дәрігер, инженер, тігінші, аспаз, кондитер, газ электр дәнекерлегіштері сұранысқа ие.

Сондай-ақ жәрмеңкеге ауылдық округтерден 8 ақтөбелік қатысты. Олар мемлекеттік бағдарлама бойынша шағын кредиттер алып, өз істерін табысты дамытуда.

- Биыл бізде халыққа шағын кредит беру оң серпін тапты. Бұл үшін ақша бар. Биыл шағын кредитке 135 млн теңге бөлу жоспарланған. 5 адам кредит алса, 7 адамның жобасы келісуде жатыр, - деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басшысы Нәйля Бөртібаева.

Соңғы жаңалықтар