Ақтөбеде дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбе қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты ресми түрде басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Жекпе-жек» спорт кешенінде өткізілетін айтулы додаға еліміздің 14 облысынан және Астана мен Алматы қалаларынан 400-ден астам дзюдошылар қатысады.

Алайда, еліміздің беделді дзюдошылары, атап айтқанда, Әлем чемпионы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов пен Әлем чемпионы Максим Раков жарақаттарына байланысты чемпионаттан босатылған. Ал, қыздар ұлттық құрама командасынан Рио Олимпиадасының және Әлем чемпионатының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэгті қосқанда барлық бұрымды балуандар Ақтөбе татамиінде белдеседі.

Жылдың ең маңызды әрі қорытынды жарысында жеңімпаз атанған дзюдошылар ұлттық құрама сапында 2018 жылы ел намысын қорғайтын болады, сондай-ақ, Азия мен Әлем чемпионаттарына қатысуға мүмкіндік алады.

10-13 қарашада өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатын «Qazsport» телеарнасы көрсетеді.

Жарыс кестесі:

10 қараша

Жарыстың басталуы - 10:00

Жарыстың ресми ашылу салтанаты- 17:00

Финалдық белдесулер - 17:30

Ерлер: -60 кг; -66 кг;

Әйелдер: - 48 кг; - 52 кг;

11 қараша

Жарыстың басталуы - 10:00

Финалдық белдесулер - 17:00

Ерлер:-73 кг, -81 кг

Әйелдер: -57кг, -63 кг,-70 кг

12 қараша

Жарыстың басталуы - 10:00

Финалдық белдесулер - 17:00

Ерлер: -90 кг, -100 кг, +100 кг

Әйелдер: -78 кг, +78 кг

13 қараша

Қазақстан Республикасының кубогы (командалық)

Жарыстың басталуы - 10:00

Финалдық белдесулер - 17:00

Соңғы жаңалықтар