Ақтөбеде еден астынан ойын салоны табылды

АҚТӨБЕ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбедегі Ломоносов көшесінен облыстық Ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру шараларының барысында еден астындағы ойын салоны табылды.
None
None

Бүгін облыстық ІІД-нің апталық брифингісінде полиция қызметкерлері хабарлағандай, салон ішінде 38 ойын автоматы, 5 келуші және қызметшілер болған.

Ойыншылардың біреуі ойын салонына жиі келіп, егер де жеңсең, қолма-қол ақша беретінін көргендігін айтқан. Мекеме иесі 41 жастағы ақтөбелік азамат болып шықты.

Соңғы жаңалықтар