Ақтөбеде есірткі заттарын сатумен айналысқан ер адам 10 жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлімі 3-тармағымен Д.Баймағамбетовке қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды (есірткі заттарын заңсыз тасымалдау, сақтау, ірі мөлшерде өткізу).
None
None

Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметінен хабарлады.

Айыптау актісіне сәйкес, сотталушы Д.Баймағамбетов 2015 жылдың сәуір айында аса ірі мөлшерде есірткі затын заңсыз өткізу үшін Алматы-Ақтөбе темір жол поезімен жалпы салмағы 7600 грамнан асатын кептірілген марихуана есірткі затын заңсыз тасымалдап, өз пәтерінде сақтаған. 2015 жылдың маусым айында сотталушы өзінің қылмыстық ойын жүзеге асыру барысында, азамат С-ға бірнеше полиэтилен пакеттегі есірткі затын сатқан.

Жедел іздестіру шарасы барысында Д.Баймағамбетовтің пәтерінен аса ірі мөлшердегі есірткі заттары табылған.

Сот үкімімен сотталушы Д.Баймағамбетов кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалып, жазасын өтеу қатаң режимдегі түзеу кололниясы деп белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар