Ақтөбеде кәсіпкерлер үшін «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша семинарлар өтті
АҚТӨБЕ. 19 маусым. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында «Бизнес-кеңесші» жобасының кезекті кезеңі басталды. Оның мақсаты - бизнесті құру және тиімді жүргізу бойынша жүйеленген және қолжетімді білім кешенін ұсыну.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының аймақтық филиалы ұйымдастырған бірінші бизнес-семинар бүгін «Дастан» бизнес-орталығында өтті.
«Даму» КДҚ» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының бас менеджері Берік Нұрғалиевтың айтуынша, семинарға қатысушылар жеке бизнесті ашу, маркетинг, адами ресурстарды басқару, бизнесті жүргізудің заңдылық негіздері, қаржы және салық салу, кәсіпкерлік тәуекел және бизнесті жүргізу үшін ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану дағдылары бойынша лекциялар курсы мен тәжірибелік сабақтардан өтті.
2009 жылдан бастап жобаның Ақтөбе облысында іске асырылғаннан бері шамамен екі жарым мың адам кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытылды, соның ішінде 26 пайызын бизнестің өкілдері құрады.
Б.Нұрғалиевтың айтуынша, биылғы жылы 709 адамды оқыту жоспарлануда, соның ішінде жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер саны 35 пайыздан кем емес.
Ағымдағы жылдың ерекшелігіне сондай-ақ жаңадан бастап келе жатқан және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер үшін семинарлардың бөлек өткізілуінде. Бұл мақсат аудиторияның қажеттіліктері мен мүдделерін есепке алу үшін жасалды.
Облыс аудандарында «Бизнес-кеңесші» бойынша семинарлар шілде айының басында басталып, кестеге сәйкес өткізіледі. Мұндай оқытылуға қатысу үшін қалалық және аудандық әкімдіктер жанындағы тұрғылықты мекен-жай бойынша кәсіпкерлік бөлімдеріне бару керек.