Ақтөбеде «Қазақстанның ең үздік тауары» атты аймақтық көрме-байқау болып өтті

АҚТӨБЕ. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Мирал Жармұхамбетов/ - Ақтөбеде «Қазақстанның ең үздік тауары» атты аймақтық көрме-байқау болып өтті. Оған облыстағы танымал 20 кәсіпорын мен жеке кәсіпкерлер қатысты.

Ақтөбеде «Қазақстанның ең үздік тауары» атты аймақтық көрме-байқау болып өтті

«Ең үздік өндірістік тауарлар» аталымы бойынша «АЗНО» АҚ, «АЗНТ» АҚ, «Стройдеталь» ЖШС, «ЖБИ-25 зауыты» ЖШС-лары өз өнімдерін ұсынды.

«Тандем-W» ЖШС, «Алғабас» ЖШС, «Ақтөбе нан өнімдері комбинаты» ЖШС, «Көктас-Ақтөбе» ЖШС-тері «Ең үздік азық-түлік тауары» аталымына қатысты.

«Ақтөбе жиһаз фабрикасы» ЖШС, «Конарова Лида» ЖК, «Экотон Батыс» ЖСШ-ы мен басқа да кәсіпорындар «Халыққа арналған ең үздік тауар» аталымында жүлдегер болды.

Маусым айында көрме-байқауларды ұйымдастыруды қайта жаңарту туралы Президент Жарлығы шыққан соң, біздің елде көрме-байқаулар қайтадан ұйымдастырыла бастады.

Комиссия жеңімпаздар мен дипломаттарды анықтады. «АЗНТ» АҚ, «Экотон-Батыс» ЖШС мен «Тандем -W» ЖШС өз аталымдары бойынша жеңімпаз атанды. Олар үстіміздегі жылы Астана қаласында өтетін «Қазақстанның ең үздік тауарлары» республикалық көрме-байқауға қатысу мүмкіндігіне ие болды.