Ақтөбеде колонияға тыйым салынған заттарды кіргізбек болған тұрғын ұсталды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты № 70 мекеме қызметкерлері тексеру барысында заңсыз әрекетті әшкереледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбеде колонияға тыйым салынған заттарды кіргізбек болған азамат ұсталды
Фото: Рolisia.kz

Мекеменің жедел және режим бөлімдерінің қызметкерлері сәлемдемеге тексеріс жүргізу кезінде жазғы аяқ киімнің табанына мұқият жасырылған екі ұялы телефон, екі SIM-карта және екі USB-шнурды тапты. Белгілі болғандай, тыйым салынған заттарды мекемеде қамауда отырған танысына жеткізбек болған 29 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Тексеру кезінде ол өз кінәсін толық мойындады. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

— Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне тыйым салынған заттарды өткізуге әрекет ету — заңмен қатаң жазаланатын құқық бұзушылық. Мұндай әрекеттердің алдын алу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі, — деді мекеме бастығы Мирас Хамзин.

Айта кетейік, Ақтөбеде бұған дейін 14 жастағы ананың өміріне жауаптылар анықталады.

Соңғы жаңалықтар