23:36, 15 Ақпан 2026 | GMT +5
Ақтөбеде көпқабатты үйдің пәтерінен өрт шығып, 10 адам қауіпсіз жерге көшірілді
АСТАНА. KAZINFORM - Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Есет батыр тұрғын алабындағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтерде тұрмыстық өртенді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
ТЖМ құтқарушыларының күшімен баспалдақ арқылы 10 адам, оның ішінде 5 бала эвакуацияланды.
- Эвакуацияланғандар үшін жедел түрде жылыту пункті ұйымдастырылды. Өрт аз уақытта сөндіріліп, таралуына жол берілген жоқ. Зардап шеккендер жоқ, -делінген хабарламада.
Осыған дейін Астанада өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың 10 000-ға жуық дерегі анықталғаны туралы жаздық.