Ақтөбеде ҚР Тәуелсіздік күніне арналған шаралар өтуде

АҚТӨБЕ. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған шаралар басталды.
None
None

Орталық кітапхана жүйесінде, ақтөбелік гуманитарлық, музыкалық колледждерінде Тәуелсіздік күніне арналған әдеби кештер, мерекелік концерттер өтті.

 Мемлекеттік мерекенің құрметіне байланыс және электр техникасы колледжінде салтанатты жиналыс болып өтті. Жас туристердің қалалық стансасы «Гүлдене бер, Қазақстан!» атты танымдық кешін өткізді, ал облыстық планетарийде «Қазақстанның жалауы - алғаш ғарышта!» тақырыптық кеші өтті.

Мереке қарсаңында облыс орталығы мен ауылдық округтерде қоғамдық-маңызды, ғылыми-тәжірибелік, мәдени-бұқаралық, спорттық шаралар, сондай-ақ қайырымдылық акциялары өтеді.

Бұл күндері сондай-ақ еңбек ұжымдарында, білім, мәдениет мекемелерінде жиналыстар, кездесулер, «дөңгелек үстелдер», конференциялар, тақырыптық кештер, әдеби композициялар, байқаулар, көрмелер ұйымдастырылады.

15 желтоқсан күні «Табыс» коммуналдық базарында кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, оның барысында ет, көкөніс және сүт өнімдерінің қолжетімді бағалармен сатылуы ұйымдастырылады. Мұнда ақтөбелік өндірушілер өз өнімдерін шығаратын шұжықтар байқауы да өтеді.

Мереке қарсаңында Ақтөбеде жаңа нысандар пайдалануға беріледі.

16 желтоқсан күні сағат 11-ден бастап ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақ пен А.С.Пушкин атындағы саябақта «Тәуелсіз Қазақстан - байтақ елім» атты мерекелік бағдарламалар басталады. Облыстық Достық үйі мен «Мега-Ақтөбе» сауда-ойын-сауық орталығында да мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар