Ақтөбеде қырағы зейнеткер телефон арқылы алаяқтық жасаған адамды ұстауға көмектесті

АҚТӨБЕ. 7 қазан. ҚазАқпарат - 64 жастағы зейнеткер полицейлерге телефон арқылы алаяқтық жасаған адамды ұстауға көмектесті, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

Әйел адам «102» телефонына қоңырау соғып, өзінің үй телефонына белгісіз адамның қоңырау соғып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырғанын және 30 мың теңге ақша талап еткенін айтқан. Жалған полиция қызметкері талап етілген ақшаны алып, зейнеткердің есірткі заттарын сақтағаны үшін «ұсталған» ұлын босатуы тиіс болған.

Ол ақшаны үйдің ауласына келіп алып кеткен. ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «ізін суытпай» 27 жастағы ер адамды ұстады. Ақша тәркіленді. Күдіктіге қатысты «ешқайда кетпеу туралы» бұлтартпау шарасы белгіленді.

Ақтөбе облысының ІІД азаматтарға қырағы болуға кеңес береді.

Соңғы жаңалықтар