Ақтөбеде қызметтік парыздарын орындауда қаза болған полиция қызметкерлеріне арналған шағын футболдан жарыс өтті

Жарыс алдында облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Мұхаран Әміров сөз сөйлеп, қаза болған қызметкерлердің ерлігі жадымызда мәңгі сақталатынын және ешқашан өшпейтінін баса айтты.
Сондай-ақ, Ақтөбе облысы ІІД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Михаил Рудаков спортшыларды құттықтап, оларға сәттілік тіледі.
Салтанатты іс-шараның ашылуы бір минуттық үнсіздікпен басталды және оған қаза болған қызметкерлердің туыстары да қатысты. Оларға естелік сыйлықтар мен гүлдер ұсынылды.
«Мұнайшылар» стадионының футбол алаңына облыстық ІІД бөліністерінің намысын қорғап келген 22 команда шықты. Ойындар олимпиадалық жүйе бойынша өткізілді. Жарыс қорытындысында бірінші орынды Заң институты иеленді, екінші орынды Ақтөбе қалалық ішкі істер басқармасы иеленсе, үшінші орынға Зауыт полиция бөлімі тұрақтады.