22:31, 17 Желтоқсан 2018 | GMT +5
Ақтөбеде мәнерлеп сырғанаудан ел чемпионаты басталады
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - 18 желтоқсанда Ақтөбеде мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан біріншілігі басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат olympic.kz сілтеме жасап.
Ел чемпионатына өңірлерден 60-қа жуық спортшы қатысады. Олардың қатарында спорт шеберлігіне үміткерлер мен спорт шеберлері де бар.
Қазақстан чемпионатында ұлттық құрама мүшелері - Айза Имамбек, Рахат Бралин және Алана Тоқтаровалар да бақ сынайды.
Еске сала кетейік, Алана Тоқтарова мен Рахат Бралин Загребтегі халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алған болатын.