Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақтөбеде марихуана сатумен айналысқан 39 жастағы қала тұрғыны ұсталды

АҚТӨБЕ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Көліктегі Батыс Ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері Ақтөбедегі «Болашақ» ықшамауданында арнайы операция жүргізу барысында 39 жастағы ер азаматты ұстады,

Ақтөбеде   марихуана сатумен  айналысқан   39 жастағы  қала тұрғыны ұсталды

деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Әлгі ер азамат 67 грамнан астам марихуананы компьютерге айырбастаған. Кейіннен оның пәтерін тінту кезінде тоңазытқыштың ішінен 1 келіден астам марихуана табылды.

Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 259-шы бабының тармақтарына сәйкес (аса ірі көлемде есірткі заттарын немесе психотроптық заттарын өткізу, дайындау, сату мақсатында алу, тасымалдау немесе сақтау) қылмыстық іс қозғалды.

Бұл бойы бойынша 6 жылдан 12 жылға дейін жаза күтіп тұр. Қазірг тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.