Ақтөбеде мас жүргізуші әйел адамды қағып өлтірді

АҚТӨБЕ. 10 қазан. ҚазАқпарат /Мирал Жармұхамбетов/ - Ақтөбеде 34 жасар Subary Legacy көлігінің жүргізушісі жаяу жүргінші жолында 38 жасар әйелді қағып кетті,

Ақтөбеде мас жүргізуші әйел адамды қағып өлтірді

деп хабарлайды аймақ ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Хабарланғандай, алған жарақаттарынан әйел адам оқиға орнында көз жұмды. Белгілі болғандай, ЖКО себепкері көлікті мас күйінде жүргізгені үшін өткен жылы жүргізу куәлігінен айырылған екен.

Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 296 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, жүргізушіге қатысты жаза тағайындау мәселесі қарастырылуда.

Барлығы 9 айдың ішінде облыс бойынша 244 ЖКО тіркелген (2010 жылы - 245), 54 адам қаза тауыпты (2010 жылы - 68).