16:02, 20 Қаңтар 2009 | GMT +5
Ақтөбеде медициналық қалдықтарды жоятын цех ашылды
АҚТӨБЕ. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Кеше Ақтөбе маңындағы Новый кентінде медиициналық қалдықтарды жоятын цех ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік сатып алулар жөніндегі бөлім бастығы Алмат Ермағамбетовтің айтуынша, цех облыстық бюджеттен бөлінген 25 миллион теңге қаржыға салынды. Француздық жаңа қондырғы биологиялық және полимер қалдықтарын жоюға арналған. Бұл қуаты тәулік бойы жұмыс істеуге мүмкіндік беретін Қазақстандағы осындай бірден-бір қондырғы. Мұнда сағатына 50 килә қалдық жойылады. Бұрын мұндай қалдықтар Ақтөбе ферроқорытпалар зауытының пешінде жағылып келді, жерге көмілді, дәрігерлер оларды жою тиісті талаптарға сай атқарылмайтыны туралы талай рет дабыл қақты. Бұдан кейін санитарлық ережелер мен талаптарға сай қалдықтар жою үшін Астанаға жөнелтілетін болды. Енді дәрігерлердің жұмысы едәуір жеңілдемек. Облыстың барлық жерінен әкелінген медициналық қалдықтар жаңа цехта жойылатын болады. Мамандардың айтуынша, ондағы жабдықтар қалдықтарды жоюда әуеге зиянды шығарындыларды азайтуға мүмкіндік береді, инфекция жұқтыру қаупіне жол бермейді.