Ақтөбеде мотоциклшыны қағып өлтірді
АҚТӨБЕ. 15 тамыз. ҚазАқпарат - Кеше Набережная және Қонаев көшелерінің қиылысында мотоциклшы апатқа ұшрап көз жұмды, деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Қонаев көшесі жағынан келе жатқан «Хонда» көлігінің 46 жастағы жүргізушісі 31 жастағы мотоциклшымен соқтығысты. Соққыдан мотоциклшы «Опель-Цефиро» көлігіне соқтығысып, алған жарақаттарынан көз жұмды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.