Ақтөбеде мүгедек-кәсіпкерлерден «Жұлдыздарға қара» жобасының екінші кезеңіне қатысу өтінімдерін қабылдау басталды

АҚТӨБЕ. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Даму» КҚҚ» АҚ-ның аймақтық филиалында  жұмысын жаңадан бастап  жатқан мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерден «Құс жолы» қайырымдылық қорымен бірге жүзеге асырып отырған «Жұлдыздарға қара» жобасының екінші кезеңіне қатысу өтінімдері қабылдана бастады.

Ақтөбеде мүгедек-кәсіпкерлерден «Жұлдыздарға қара» жобасының екінші кезеңіне қатысу өтінімдерін қабылдау басталды

Шілде айында аяқталған жобаның бірінші кезеңіне 7 адам қатысты, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі 2 кәсіпкер гранттар алды. Бұлар - Байғанин ауданында тұратын І-ші топтағы мүгедек Максим Бектұрғанов пен Ойыл ауданынан келген І-ші топтағы мүгедек Гүлсім Елекбаева. 4 кәсіпкердің жобалары екінші турға қатысу үшін жіберілді, өтінім берген тағы бір адам қатыстырылмады.

Белгілі болғандай, жобаға І-ІІ топтағы мүгедектігі бар ҚР-ның 18 жастан асқан, дағды, білім, тәжірибелерін жеке, азаматтық және кәсіби іске асырылу мақсатымен қолдануға тырысқан жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерлер (жеке кәсіпкерліктерін 2011 жылдың 1 қаңтарынан кейін тіркеген) қатыса алады. Бизнесті дамытуға арналған ақшалай грант сомасы 100 мың теңгені құрайды.

Өтінім формасының үлгісін, оны толтыру тәртібін және қажетті құжаттар тізімін www.damu-komek.kz және www.kuszholy.kz . сайттарынан қарауға болады.

Анықтама үшін «Даму» қорының Ақтөбе облысы бойынша аймақтық қорына хабарласуға болады, мекен-жайы: Әбілқайыр хан даңғылы, 51, 4 қабат, 421 кабинет. Телефондары: 55-24-35, 55-24-36, 90-60-38.