14:12, 11 Қаңтар 2010 | GMT +5
Ақтөбеде некеге тұру және ажырасу азайып отыр
АҚТӨБЕ. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - 2009 жылы Ақтөбеде некеге тұрушылардың саны 3 пайызға, ал ажырасу фактілері 4 пайызға азайды. Атап айтқанда, былтыр облыс орталығында 2 642 жұп некеге тұрған, ал 1 107 жұп ажырасқан,

деп хабарлады Ақтөбе қаласының әділет басқармасынан.
Басқарма бастығының міндетін атқарушы Валентина Мәмбетованың айтуынша, былтыр сондай-ақ 126 бала асырап алынды, бұл 2008 жылғы көрсеткіштен 27 пайызға аз. Оған қоса, 945 балаға қатысты әкелік құқықтар белгіленді, бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 10 пайызға аз.
Сондай-ақ, тіркелген өлімдердің саны 12 пайызға азайған, 290 ақтөбелік аты-жөндерін өзгерткен.