Ақтөбеде облыстық ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі болды
АҚТӨБЕ. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - Өткен сенбі күні Ақтөеб қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында облыстық ауылшаруашылық жәрмеңкесі болып өтті.
Қалалықтарға өз өнімдерін қала маңындағы, сондай-ақ Алға, Шалқар және Қобда аудандарының 120-дан астам шаруашылықтары әкелді.
Мұнда базарға қарағанда 10-20 пайызға төмен бағалармен сойылған мал етін, көкөністер, сүт өнімдері және тағы басқаларын сатып алу мүмкін болды.
Базарда барлығы 13,8 тонна көкөніс, 6,2 тонна ет, 2 тоннаға жуық бақша дақылдары, 1 тонна сүт өнімдері, 700 литр күнбағыс майы сатылды.
Қалалықтарға ыңғайлы болуы үшін «Табыс» базарына Қарғалы ауылдық аймағынан, Заречный, Опытный кенттерінен, Тұрғын қалашығынан бөлек автобус бағдарлары ұйымдастырылды.