Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақтөбеде өрттен құтқару спорты бойынша облыстық спартакиада басталды

АҚТӨБЕ. 13 тамыз. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық ТЖД-нің «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары» ММ-де өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша облыстық спартакиада басталды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.  

Ақтөбеде өрттен құтқару спорты бойынша облыстық спартакиада басталды

Оған аудандық және қалалық өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қызметкерлері қатысуда. Барлығы - 18 команда. Бұл жарыстардың бірнеше мақсаты бар. Біріншіден, кәсіби шеберлікті жетілдіру. Екіншіден, өрт сөндіру-құтқару спортын дамыту, спорттық разрядтарды орындау.

Бүгін жарыстардың бірінші кезеңінде мандат комиссияның отырысы өткізілді. Екі күнге созылатын жарыстар спорттың үш түрінен өткізіледі - кедергілер қойылған 100 метрлік жолақтан өту, жауынгерлік қимылды өрістету және штурм баспалдағымен оқу-жаттығу мұнарасының 4-ші қабатына көтерілу.

Жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, кубоктармен  және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Ең мықты спортшылар Ақтөбе облыстық құрама командасының құрамына кіріп, Астанада өтетін республикалық спартакиадаға қатыса алады.