Ақтөбеде Ойыл ауданының энциклопедиясы таныстырылды

АҚТӨБЕ. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе педагогикалық институтында аумағы арқылы Ұлы Жібек жолы өткен, кезінде атышулы Көкжар жәрмеңкесі орналасқан Ойыл ауданының тарихына арналған энциклопедияның таныстырылымы өтті.

Ақтөбеде   Ойыл ауданының  энциклопедиясы  таныстырылды

Энциклопедия шығару идеясы - «Нобель» ЖШС директоры Нұрлан Жұмағалиевтікі. Кітап авторы - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің бөлім меңгерушісі Алмат Паңгереев. Энциклопедия 2 мың данамен Алматыда жарық көрді. Оны «Нобель» баспасынан сатып алуға болады.

«Соңғы жылдары облысымыздың көптеген аудандары өз энциклопедияларын шығара бастады. Бастамашылар тобы Ойыл ауданының да энциклопедиясын шығару туралы ұсыныс жасады, материалдар жинастыру жөніндегі комиссия құрылды, редакторлар алқасы жасақталды. Жұмыс 2,5 жылға созылды: онда өлкенің Ұлы Жібек жолы дәуірінен басталатын бүкіл тарихы қамтылды», - деді бастамашы топтың жетекшісі Н.Жұмағалиев.