Ақтөбеде рұқсатсыз жұмыс істеген ветеринарлық зертхана жабылды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбеде табиғатты қорғау прокурорлары бірқатар ветеринариялық зертханаларда заң бұзушылықтар барын анықтады. Бұл туралы Ақтөбе облысының прокуратурасы мәлім етті.  

Ветеринария
Фото: Ақтөбе облысының прокуратурасы

Ақтөбе облысында табиғат қорғау прокуратурасы шараларымен анықталған заң бұзушылықтар бойынша ветеринариялық зертхананың қызметі тоқтатылды.

«Тексеру барысында ветеринариялық-санитариялық ереже талаптарының бұзылғаны, үй-жайларды желдету, сумен жабдықтау, жылу жүйелері, сараптаманың әртүрлі түрлерін жүргізуге арналған жеке үй-жайлардың, сойылған жануарларды қарап-тексеру және ветеринариялық сараптаманы есепке алу журналдарының жоқтығы анықталды», — делінген хабарламада.

Кейбір зертханаларда етті тексеруге арналған құрал-жабдықтар мен химиялық реагенттер болмаған. Сонымен қатар, Ақтөбеде рұқсатсыз жұмыс істеген ветеринарлық зертхана анықталды.

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде 1 зертхананың қызметі тоқтатылды, 4 зертхана 370 мың теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар