Ақтөбеде санитарлық дәрігерлердің рұқсатынсыз жұмыс істеп жатқан балабақша анықталды

АҚТӨБЕ. 3 қазан. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Гүлден» мектепке дейінгі балаларға арналған жекеменшік орталығы санитарлық-эпидемиологиялық рұқсатсыз жұмыс істеп келген,
None
None

деп хабарлады мемлекеттік санитарлық қадағалау департаментінен.

Кезектен тыс тексеру барысында балабақшаның санитарлық талаптарға сай келмейтіні анықталды.

Сонымен қатар, дайын өнімді зертханалық тексеру барысында, нақтырақ айтқанда, үй кеспесінен Staphylococcus aureus стафилококк табылған. Аталған заңбұзушылықтар үшін жеке кәсіпкерге айыппұл салынды, аталған балабақшаны жабу туралы қаулы шығарылды.

Ауданаралық экономикалық сотқа талап арыз жолданды.

Соңғы жаңалықтар