Ақтөбеде шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері талқыланды

Сауалнамаға 158 кәсіпкер қатысқан, оның жартысынан астамы - сауда саласында қызмет істейтін азаматтар.
Сұралғандардың 38 пайызы олардың бизнесі тұрақты деңгейде жұмыс істеп жатқанын, 16,5 пайызы - көтерілу үстінде екендігін, 15,8 пайызы - енді ғана аяқтанып келе жатқанын айтқан.
Кәсіпкерлердің жартысынан астамы - 52,5 пайызы несие қызметін мүлде пайдаланбаған, 27,5 пайызы - бизнесті дамыту мақсатында алуға тура келгендігін айтты. Көпшілігі несие пайыздарының тым жоғарылығын және оны рәсімдеу үрдісінің ұзақтығы мен талап етілетін құжаттардың көптігін алған тартты.
Шара барысына қала прокуратурасының өкілдері де белсенді атсалысты. Қалалық прокуратураның бөлім бастығы Абай Иманалиннің сөзі бойынша аймақта «Кедергісіз кәсіпкерлік» бағдармасы жүзеге асырылуда. Оның барысында прокурорлар кәсіпкерлер құқыларының бұзылуы фактілерін анықтайды. Биылғы жылы осындай 40 дабыл түсіп, оның 18-і дәлелденді. Алты лауазым иесі әкімшілік жауапкершілікке, ал жеті адам тәртіптік жауапкершілікке тартылған.