Ақтөбеде шамамен 3 грамм есірткіні сатқан 36 жастағы ер адам ұсталды
АҚТӨБЕ. 9 тамыз. ҚазАқпарат - 8 тамызда Ақтөбеде жедел сатып алу әдісімен шамамен 3 грамм есірткіні сатқаны үшін 36 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Бір оқиғада ол героиннің 1,48 грамын, екіншісінде - 1,04 грамын сатты. Одан кейін тексеру барысында одан салмағы 1,02 грамм героин және 28 мың теңге алынды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ер адам есепте нашақор ретінде тұр, бұған дейін есірткіні сақтау және ұрлық үшін сотталған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау абақтысына қамалды.