Ақтөбеде соңғы ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті
АҚТӨБЕ. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін «Табыс» базарында облыстық ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті, оған облыстың барлық аудандарының және Ақтөбе қаласының ауылшаруашылық өндірушілері қатысты.
Қала тұрғындарына сатылымға 17 тонна ет, 19,5 тонна картоп және көкөністер, 1,7 тонна сүт өнімдері, 3 тонна өсімдік майы, т.б. әкелінді.
Жәрмеңкелік өінмдердің бағалары қаладағы базарлармен салыстырғанда 10-20 пайыз төмен болды.
Дәстүрлі концерттік бағдарламадан басқа, жергілікті тауар өндірушілер тұрғындарға өнімдерден дәм татқызды.
Сондай-ақ ағымдағы жылы жәрмеңкелерге белсенді қатысқан аудандар, шаруашылықтар мен кәсіпкерлерді марапаттау рәсімі өтті.