Ақтөбеде таеквондо турнирінің 12 жасар жүлдегері көлік доңғалағының астына түсіп, ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан WTF таэквондо федерациясы өзінің «ВКонтакте» парақшасында Ақтөбеде спорттың осы түрінен облыстық және қалалық турнирлердің жүлдегері 13 жастағы Ақгүл Әбжалиеваның қайғылы қазаға ұшырағанын хабарлады.

Ақтөбеде таеквондо турнирінің 12 жасар жүлдегері көлік доңғалағының астына түсіп, ажал құшты

«Жұма, 9 қыркүйек күні Ақтөбеде таеквондодан облыстық және қалалық ашық турнирлердің бірнеше дүркін жүлдегері Ақгүл Әбжалиева қайғылы жағдайда қаза тапты. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, 13 жасар қызды автомобиль қаққан»,-делінген хабарламада.